Пост содержит контент, предназначенный для лиц старше 16 лет. Осуществив переход, Вы подтверждаете, что достигли 16-и летнего возраста и готовы принять моральные и нравственные обстоятельства данного контента?

Да Нет

Жас педагогтарға арналған семинар туралы ақпарат



"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 5 мамырында Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жас педагогтарына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.


Аталған іс-шараның мақсаты: жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыру, кәсіби қиындықтарды жеңуге әдістемелік көмек көрсету, педагогтың көшбасшылық қасиеттерін ынталандыру.

Семинарға 3 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар 144 жас педагог қатысты.
Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Д.Башарова құттықтау сөз сөйледі, ол тәжірибеге бағытталған форматқа назар аударды, бұл, әрине, жас мұғалімдердің бұдан әрі жұмысында оң нәтиже береді.

Республикалық, халықаралық ауқымдағы Алматы, Нұрсұлтан, Көкшетау қалаларының жаттықтырушылары оқыту презентацияларын, практикалық коучингтер мен ынталандырушы тренингтерді көрсетті.


Тренингке қатысушылар: "Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы" бірлескен құрылтайшысы Алмагүл Медихатқызы Қанағатова, Ф.ғ. д., Тлектес Сайхатанқызы Шингужинова, "Global САПА" білім беру орталығының директоры, сертификатталған бизнес-тренер Қайсар Мақан, Гүлмира Шойгариновна Пазылова және Лилия Витальевна Журба, Көкшетау қ. Педагогикалық шеберлік орталығы NIS филиалының аға менеджерлері сөз сөйлеулерінен оң серпін алды.

Заманауи мектепке батыл, көп қырлы, креативті мұғалімдер қажет. Оларға осындай деңгейдегі семинарлар көмектеседі.


Біздің жастарымыз алған білімдерін нақты істерінде іске асырады, заманауи білім беру ортасында көшбасшы болады, халықаралық деңгейдегі іс-шараларда өздерінің кәсіби білімдерін көрсетеді деп сенеміз.
Пожаловаться
Внимание! Голосовать и писать комментарии могут только зарегистрированные пользователи. Нажмите, чтобы войти или создать новый аккаунт...
Открыть комментарии